Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген, ол Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елдімекенінің тұрғыны. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова “Хабар24” арнасының тікелей эфирі арқылы мәлімдеді.
Науқас 3 сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, жедел жедел жәрдем көмегімен шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқасқа емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты реанимация бөлімшесіне жатқызылған.
Сонымен қатар, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес жүргізілген. Күшейтілген реанимациялық көмекке қарамастан, азамат аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Науқастың қосалқы ауруы – қант диабеті, артериалды гипертензия. Сондай-ақ бір жыл бұрын туберкулез диагнозымен ауруханада ем қабылдап шыққаны анықталды. Марқұм азаматтың денесі эпидемиялогиялық қарсы сақтау режиміне сәйкес жерленеді.
Ал, транзиттік көлікте науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған.
Еске сала кетсек, бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.
Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Көрме» орталығында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтіп жатыр. Қала тұрғындарын қабылдау күнінде 200-ге жуық азамат өтініш білдірген. Қабылдауда көтерілген негізгі мәселелер тұрғын үй, жер телімін заңдастыру, жұмысқа орналасу, білім […]
Шымкент қаласындағы Достық шағын ауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында салынатын Экопарк жобасы қала тұрғындары үшін маңызды әрі қызықты жаңалық болып отыр. Бұл жоба экологиялық мәселелерді шешу мен табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған, сондай-ақ қаланың әлеуметтік және […]
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігі мен «Зекет» қайырымдылық қоры Шымкент қаласында орналасқан Жыланбұзған, Жыланбұзған-1, Абдулабад, Өтеміс, Көкбұлақ, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым, Бозарық, Қайнарбұлақ, Бадам, Жаңаталап, Ақжар (Ақтас) Таскешу, Еңбекші, Айкөл, Шапырашты, Текесу сынды 18 блок-бекетте […]
Пікір қалдыру