Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шымкент қалалық өңірлік комиссиясының шешімімен қаладағы барлық балабақша қызметінің уақытша тоқтатылған мерзімінде меншік түріне қарамастан барлық балабақша қызметкерлерінің жалақылары толық көлемде сақталу туралы шешім қабылданды.
Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.
Қазіргі таңда қаламызда 75 386 бала болса, 521 балабақша бар. Олардың 82-сі мемлекеттік, 439 – жекеменшік.
Айта кетейік, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жиырма төртінші сәуірден бастап «Санитариялық індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» №5 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың жиырма алтыншы наурызынан бастап барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік түріне қарамастан жұмыстары тоқтатылған болатын.
Қазіргі қоғамда адамның психологиялық саулығы – ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Соңғы жылдары жаһандық деңгейде өзектілігі артып келе жатқан мәселелердің бірі – суицидтің алдын алу. Әсіресе жастар мен әскери қызметкерлер […]
Сиань қаласындағы жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған делегация қатты тұрмыстық қалдықтарды жағуға бағытталған зауыттың жұмысымен танысты. Сорттау, қалдықтарды қайта өңдеу, утилизация және олардан электр энергиясын алу процестерін көрді. Қалған қалдықтардан құрылыс материалдары […]
Шымкент қаласында тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, қаладағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. – Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Күндіз қалада 76 […]
Пікір қалдыру