Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді — «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды.
Аудандарда жүріп жатқан залалсыздандыру және мобильді топтардың атқарған жұмыстары сараланып, жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын ширату жүктелді.
Бүгінде Шымкентте 300 мыңнан астам азамат мемлекет тарапынан берілетін түрлі төлемдерді (зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлем және т.б.) алады. Аталған төлемдер түскенде қаладағы банкоматтар алдында үнемі ұзын-сонар кезек қалыптасады. Бұл жағдай індеттің таралуына өте ыңғайлы. Сондықтан қаладағы базарлар мен сауда орындары, дүкендер мен дәріханаларда посттерминал орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның қауіпсіздік мақсатта қолға алынғанын ұғындыру, еріктілер көмегімен банкоматтар алдында кезекте тұрғандарға банктік картаға өту бойынша кеңестер беруді ұйымдастыру аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына тапсырылды.
Ең бастысы тұрғындар арасында қолма-қол ақшасыз карта көмегімен есеп айырысудың пайдалы әрі қауіпсіз екендігін түсіндіру жауаптыларға міндеттеліп, қала шетінде орналасқан тұрын алаптарға интернет желісін тарту немесе телефон арқылы төлем жасау тетігін қарастыру жайы жан-жақты сөз болды.
Жиынды қорытындылаған қала М.Әйтенов күн сайын таңғы 09.00-де басшылардың қатысуымен қашықтықтан өтетін жиында атқарылған жұмыстар талданып, кешкі 20.00-дегі қорытынды жиында ертең атқарылатын жұмыстар қаралатынын жеткізді.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов, 21 қаңтар күні Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда халық алдында есеп берген еді. Сол жиында мінберге көтерілген ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Біржан Байтуов, Шымкентте «Рухани жаңғыру» орталығын ашу […]
Шымкент қаласында қазір тәулігіне 50 мың текше метр су өңдейтін жаңа кәріз тазалау ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған нысанға барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше […]
Шымкент қаласы, әсіресе қыстың алғашқы қар ұшқыны көріне бастаған сәттен бастап, қалада қысқы маусымға дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қала әкімдігі мен әр ауданның әкімдері қысқы кезеңге дайындықты бақылауға алып, барлық қажетті шараларды уақытылы атқаруға […]
Пікір қалдыру