Карантин енгізілуіне байланысты Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларын қашықтықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы төтенше жағдай бөлімінің маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Ерғали Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты барлық жалпы орта мектеп директорларын онлайн түрде қауіпсіздік мәселелері бойынша сабақ өткізді. Ондағы негізгі көзделген мақсат — мектеп оқушыларының оқу маусымында, сондай-ақ, сабақтан тыс уақыттарда да қауіпсіздікті барынша сақтауға үйрету. Айта кету қажет, сабақ барысында өрт қауіпсіздік қағидалары, ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шаралары туралы айтылды. Қауіпсіздік сабағына Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, 35 мектеп, 45 балабақша меңгерушілері, олардың отбасы мүшелері қатысқан болатын.
Өткізілген іс-шараға облыстық Шымкент қаласының жергілікті телеарнасы, «Оңтүстік» телеарнасы ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы
Пікір қалдыру