Асхан Майлыбаева: «Айғайшыл күшпен емес, игілікті іспен қызмет ететін кез қазір»

Қазір біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы қиын кезеңді бастан кешіп отырғаны белгілі. Жер бетін жайлаған жаман індет халықтың ерік-жігері мен өзіне деген сеніміне, бірлігі мен төзімділігіне сын болып тұрған сыңайлы. Дәл осындай ауыртпашылық артылған кезде бізге ең қажетті нәрсе тәртіпке бағыну, қойылып отырған талапты қалтқысыз орындап, үйде отыру екені күнделікті айтылып жатыр. Алайда осы қарапайым қағиданы құлаққа ілудің орнына бұра тартып, түрлі қисық, қисынсыз әңгімеге жел беретіндер де табылуда.

«Күні бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген мақаласы жарияланып, халықты сабыр мен бірлікке шақырған аталы әңгіме айтылды. «Әдетте жұрт көңілі алаң осындай кезде ел ішінде үрей таратып, байбалам салушылар өз мүддесіне пайдалануға тырысады. Мен халықты әртүрлі сондай азғырынды, арзан әңгімелерге еруден сақ болуға шақырамын. Шынымен көптің қамын көздейтін адам айғайшыл күшімен емес, игілікті ісімен қызмет еткені дұрыс. Ғайбат пен байбалам орнына ғылым-біліммен шұғылданған абзал» делінген Елбасы мақаласында.Ия, бізге берілген уақытты берекесіз тірлік пен бос сөзге емес, байыпты, жанға байлық беретін дүниелерге арнағанымыз абзал емес пе!
Аталған мақаланы оқысаңыз, соның өзінен күш алатын секілдісіз»,- дейді ҚР құрметті журнлисі А.Майлыбаева.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*