Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті.
Басқарма басшысының мәліметінше, қала аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 62,6 мың га құрайды. Оның ішінде, егістік жер — 39,5 мың га, суармалысы — 11,0 мың гектар.
— Қазір көктемгі дала жұмыстары тиісті мерзімінде орындалуда, жұмыс барысында қолда бар тракторлардың 91%, тұқым сепкіштердің 93%, жер қопсытқыштардың 95%, топырақ өңдейтін агрегаттардың 97% жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін жерлер өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға артып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Оның ішінде 16,6 мың га жерге дақылдары егілген, — деді басқарма басшысы.
Атап айтсақ, масақты дәнді дақылдардың егіс көлемі – 9,0 мың га; майлы дақылдар – 2,8 мың га; көкөніс пен бақша – 1,5 мың га; картоп – 0,1 мың га; мал азықтық дақылдар – 3,2 мың га егіледі. Президент тапсырмасына сәйкес, көктемгі дала жұмыстарына 5% мөлшерлемемен АШТӨ-не 500 млн теңге жеңілдетілген несие қаралған.
— Осы жұмыстарға бөлінген 1,25 мың тонна жанар-жағармайдың құны литріне 174 теңгеден 160 теңгеге төмендетілген. Өнімділікті арттыру мақсатында шаруаларға минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 105,1 млн.теңге қаралып, қазіргі таңда қолдау шаралары басталған. Ал озық технологияны қолдануға келсек, қазіргі таңда жылыжайдың жалпы көлемі — 183,5 га, оның өнеркәсіптік — 56,1га, фермерлік -127,4 га. Ағымдағы жылы қосымша 30 гектар жерге жылыжай салынған. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде жыл соңында өндірілетін өнім көлемі 1,6 млрд теңгеге артып, 11,0 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарлануда, — деді Асқар Сәкенұлы.
Сонымен қатар, есепті кезеңде мал басы мен өнімділіктің өсуі байқалады. Атап айтсақ: ІҚМ мал – 2,4% артып, 74,3 мың басқа; қой ешкі – 3,0%, 113,4 мың; жылқы – 1,1% кеміп, 13,7 мың; құс – 6,2% кеміп, 839,4 мың басқа жетті. Нәтижесінде ет 20,8%, 978,3 тонна, сүт 0,5%, 2,4 мың тонна, жұмыртқа 12,9% артып 12,9 млн дананы құраған. Мал шаруашылығын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 1 140,7 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаруалар тарапынан түскен өтінімдер қабылдануда (76,0 млн теңге субсидия төленген).
Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында табиғи апаттың салдарынан зақымданған 5 үйдің іргетасы қаланды. Үйлердің құрылысын еліміздегі ең ірі құрылыс мекемесінің бірі болып табылатын «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізетін болады. Қазіргі таңда мердігер мекеме […]
«Жасыл ел» атауы әрбір жасқа жақсы таныс. Жалпыұлттық жобаның жаңа еңбек маусымы қайта басталды. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді. «Жасыл ел» еңбек жасағы 2005 жылдан беастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. […]
Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚО-да 2019 жылдың 12 айында 326 641 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 47 391 жүргізуші куәлігін берілген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, жүргізуші куәлігін алу барысында адам […]
Пікір қалдыру