Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған азаматтар анықталды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Вирус жұқтырған қала тұрғындары 1964 ж., 1984 ж., 1985 ж., 1991 жылғы туған азаматтар. Науқастар 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Соның арқасында оларға ПТР диагностикалық зерттеу жасалып, қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Айта кету қажет, аурудың алдын алу мақсатынеда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Бүгінгі күнде нфекция шыққан ошақтарда эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалада да сақтық шаралары жасалып, бас санитардың 11-ші қаулысына сәйкес шектеу шаралары күшейтілген. Бүгіннің өзінде қоғамдық көліктер мен банктар өз қызметтерін тоқтатты.
19 сәуірге дейінгі жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 62 адам анықталды.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы
Пікір қалдыру