Шымкент қаласындағы Абай ауданында дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін аудандағы 31 шағынаудан мен тұрғын алабындағы 582 көше дәрілеу жұмыстарынан өтті. Айта кету қажет, бұл жұмыстарға 8 арнайы техника мен 130 әскери қызметші жұмылдырылып отыр.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы оқшауланған 6 нысандағы жағдай жіті бақылауға алынып, тұрғындарға қажетті заттарды жеткізу жүйеленді.
Сонымен қатар, карантинге жабылған аймақтардағы тұрғындарға «Biz Birgemiz» акциясы аясында және демеушіер есебінен азық-түліктер тегін таратылды. Бүгінде дейін 1790 отбасыға, 2368 азық-түлік пакеті табысталды. 892 отбасыға тиесілі көмектер үлестірілуде.
Көп балалы отбасылар мен жағдайы төмен отбасыларға 32 мың бетперде таратылып, «Biz Birgemiz» акциясы аясына 55 жастан асқан азаматтар мен зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 330 мың бетперде таратылды.
Індеттің алдын алу мақсатында аудан аумағында орналасқан банк филиалдарында сақтық шаралары қолға алынып, келушілер үшін арнайы күту орындары әзірленді. Ауданда бетперделік режимді сақтау қатаң бақылауға алынған.
Пікір қалдыру