ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың өкімімен Шайхсламов Жолшыбек Мұхтарұлы қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа қызметке кіріскен Жолшыбек Мұхтарұлы 1965 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс.

Еңбек жолында еліміздегі түрлі алпауыт құрылыс компанияларында шебер, бригадир және директор қызметтерін атқарған. Бұдан бөлек, «Кедентранссервис» акционерлік қоғамында техникалық директор, ірі электр компаниясы болып табылатын «Alageum Electric» акционерлік қоғамының басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бөлім бастығы болған. Мұнаан кейін директорының орынбасары болып еңбек еткенін де айта кету керек. Өткен жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымын атқарған.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*