Шымкент әкімі «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен жұмыс барысында кездесу өткізді.

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің қызметімен танысқан қала басшысы кәсіпкерлерге бірнеше тиімді ұсыныстар мен жұмыстарын жақсартуға кеңестер берді. Сондай-ақ,  несие беруді оңтайландыру барысын саралады.

Корпорация жұмысымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы штат кестесін қайта құрылымдау және инвестициялар департаментінің жұмысын жаңғыртуды жауаптыларға жүктеді. Бүгінде аталған департаменттің қарауындағы 353 инвестициялық жоба бар. Осыған орай, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жоспарланған индикаторларға қол жеткізу мен талдау жұмыстарына мұқият назар аудару ​ қажет.

Корпорация басшылығы қаланың урбанизациясын дамыту тұжырымдамасын  шаһар басшысының назарына ұсынды.  Онда қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар ең өзекті деп танылған. Сонымен қатар,  мегаполистағы урбанизация деңгейін арттыру үшін қажетті шараларды іске асыру межеленген. ​Аталған жоспар  Мұрат Әйтеновтың назарында болатынын айтты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*