Шымкент: Көпір мен жол құрылысы басты назарда

Шымкенттің бас жоспарына сәйкес қала көшелерімен қатар көпірлері де ретке келтірілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылымен жалғасатын «Бадам» өзені үстінен өтетін өткелдің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Ұзындығы 100, ені 32 метрлік көпірдің құрылысы қала аумағындағы кептелістің алдын алуға көп сертігін тигізетін болады. Жақын арада пайдалануға берілетін нысанның құрылысына қала әкімі оң бағасын берді.
Жалпы шаһардағы жол сапасын дамыту мақсатында 2020 жылы 256 объектіде құрылыс-жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 26,9 млрд. теңге қаралған. Бұл 417,3 шақырым жол мен 7 көпір, 2 өткел, 1 оңға шығу және 1 жол өткелін қамтып отыр.
Нәтижесінде жыл соңына дейін 240 нысанды, яғни, 314,7 шақырым жол мен 6 көпір, 1 жол өткелін пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 260 аялдаманы орнатуға 536,5 млн. теңге бөлінген. Осы бағдарлама аясында 3119 адам жұмысқа орналастырылады, оның 1621-і жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*