Шымкенттегі әл-Фараби ауданында жүз балалар алаңшасы салынып жатыр

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының аумағында жүз балалар алаңшасы салынып жатыр. Аталған ауданға қарасты 672 тұрғын үйдің ауласында 400 балалар алаңшасы бар. Оның 161-не жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Тіпті 30 жылдан бері ауласында балалар ойнайтын алаңша болмаған көпқабатты үйлер де аз емес. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қолға алынған жұмыстардың барысына тұрғындар да дән риза. Қарасу шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің төрайымы тұрғыны Людмила Розанова: «30 жылдан бері үй ауласында балалар алаңшасы болмаған. Тіпті есік алдындағы аяқ бүгіп отыратын орындықтар да қирап кеткен. Енді міне есіктің алды жайнап тұр. Бүлдіршіндер тұрмақ қариялардың қуанышында шек жоқ. Айтар алғысымыз шексіз».

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әл-Фараби ауданының аумағында салынып жатқан балалар алаңшасының құрылысымен танысып шықты.  Қала әкімі сапаға айрықша мән беруді тапсырды. Мердігер компанияның өкілдеріне тұрғындардың үйінде отырған сәтін ұтымды пайдаланып, құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды жүктеді.
Бір қуанарлығы құрылысқа қажетті заттардың барлығы Отандық. Тіпті ойын алаңшасына төселетін резеңке төсеніштің өзі Шымкентте жасалады екен.
Әл-Фараби аудандағы 672 көпқабатты тұрғын үй алдында 400 аула бар. Оның басым бөлігіне балалар алаңшалары салынған. 161-іне қажеттілік туындаған.
Осыған орай, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында биыл аудан бойынша 100 балалар алаңшасы салынуда. Қалғанының құжаттары қаралуда. Бұған қоса спорт алаңшалары да жөнделмек.
Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, ауданда 15 гүлзар мен аллея салу жұмысы да қарқынды жүріп жатыр.
Сапар барысында қала әкімі А.Асқаров көшесіндегі 9-үйдің қазіргі ахуалымен танысты. Тұрғындар өтінішіне құлақ асқан Мұрат Әйтенов сараптама жүргізіп, қажеттілік болса, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жауаптыларға жүктеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*