Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы аумағында тұратын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығы таратылды. Бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айында қалталы азаматтар мен қуатты компаниялар мұқтаж отбасыларына қайырымдылық шараларын ұйымдастырып көмек қолын созып жатыр. Осындай игі іске Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері ұйытқы болды. Қаладағы жолаушылар тасымалымен айналысатын компания мен қоғамдық бірлестік қызметкерлерін ұйымдастырып ауданда тұратын 150 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратты. Әл-фараби ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері мұндай игі іс шара алдағы уақытта да жалғасын табады деп отыр.
«Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз енщтілген топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, «REGION 13» жолаушылар тасымалдау компаниясы және «Шымкент қаласының Access бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесе
150 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. І-шараға қолдау көрсетіп, өз көмегін берген азаматтарға алғысымызды білдіреміз!,»- дейді әкімдік өкілдері.
Пікір қалдыру