Ардагерлерге нақты қамқорлықтың көрінісі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Жаңа заңда қазіргі заманның ағымына сай, көптеген өзгерістер енгізілген. Мәселен, қолданысқа енген заңның басты мақсаты — қатары күн санап азайып бара жатқан ардагерлерді әлеуметтік жағынан қорғау.

Ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын 5 санаты және олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалған. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне қамқорлық бар.

Заңда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар қатарынан басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлері де атап көрсетілген.

Осы санаттағы ардагерлердің қатарына ТМД елдерінің 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған ардагерлерге берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімі де бекітілген. Бұл санатқа Кеңес Одағы қарулы күштерінің қатарында әр жылдары 23 қақтығысқа қатысқан әскери қызметшілер де кіргізілген.

Сондай-ақ, Чернобыль апатынан зардап шеккендерге берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де атап көрсетілген. Осы заңның барлық тармағын орындау үшін мемлекеттен жыл сайын қосымша 2 млрд теңге бөлінекші. Нәтижесінде, мемлекет тарапынан 2020 жылы Қазақстандағы ардагерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен 169 мыңнан 180 мың адамға дейін қамту көзделген.Қолданысқа енген бұл Заңнан ардагерлердің күтері көп, үміттерін ақтайтынына сеніміміз мол.

Исмуддин Рысбай

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*