Шымкенттіктер су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға көмек көрсетуде

Шымкенттіктер Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетуде. «Серпіліс» қоғамдық қоры мен «Жалын» қоғамдық бірлестігі және Шымкент қаласы Ішкі Саясат және дін істері басқармасының қолдауымен психолог мамандар  мақтаралдықтарға психологиялық көмек көрсетті. Психологтар топан судың әсерінен жас балалар шошып қалған деп отыр. Кәсіби мамандар балалармен бірге сазбалшық және тұз терапиясымен суреттер салу арқылы көңіл-күйіне оң ықпалын беретін әртүрлі сабақтар өткізді.

Мамандар тек жастармен ғана емес, су зардабынан мал-мүлкінен бір-ақ күнде айырылып, сергелдеңге салынған тұрғындармен де арнайы семинар тренингтер өткізді. Тіпті, көпшілік алдында сырын аша-алмай қысылған азаматтарды жеке қабылдап, олармен жеке-дара жұмыс жүргізген. Әр азаматты жеке қабылдаған мамандардың айтуынша, тұрғындардың жан дүниесінде ауырлық бар.

Өз ісінің маманы болған, психологтың сөзінше кәсіби деңгейдегі психологиялық көмектен кейін тұрғындар өздерінің бойындағы жеңілдікті сезінгендерін айтып, мамандарға алғысын білдірген.

«Сіздерге үлкен рақмет. Біздің мәселелерімізді мұқият тыңдап, жанымызды толғандырған мәселелерді түсініп, алдағы күндер үшін күш сыйлағандарыңызға және осындай қиын сәттерде бірге болғандарыңызға мың алғыс! Біз де сіздерге тілеулеспіз. Амандықтарыңызды тілейміз,»-деді Өргебас ауылының тұрғыны Сәлима Ерден.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*