kungei.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 702 474 2494
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
kungei.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

22 июня, 2026
in Қоғам
0
АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды инвестициялық жоба Қала күні қарсаңында іске қосылды. Бүгін алюминий профильдерін өндіретін заманауи «Himmel Aluminium» зауытының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобаның өңір экономикасы үшін стратегиялық маңызын атап өтті.

Жалпы инвестициялық құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында алюминий профильдеріне сұраныстың артуына байланысты жаңа өндіріс орны нарық қажеттілігін отандық өнім арқылы өтеуге мүмкіндік береді.

Зауыт толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 3,8 мың тоннаға дейін алюминий профильдерін өндіреді. Мұнда терезе, есік, витраж, қасбеттік жүйелер мен түрлі алюминий конструкцияларына арналған өнімдер шығарылады. Өнімдер Шымкент пен Түркістан өңірлерімен қатар еліміздің басқа да облыстарына жеткізілмек.

Кәсіпорынның іске қосылуы өңірдегі жұмыспен қамту көрсеткішіне де оң әсер етеді. Өндіріс орны толық іске қосылғаннан кейін 80 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар логистика, тасымалдау, қызмет көрсету және шикізат жеткізу салаларында қосымша жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді.

«Himmel Aluminium» зауытының ашылуы – жаңа өндіріс орнының іске қосылуы ғана емес, Шымкенттің индустриялық дамуына серпін беретін, импортты алмастыруға ықпал ететін және өңір экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ететін маңызды инвестициялық жоба.

Tags: Шымкент қаласы
Previous Post

КЕНТАУЛЫҚ ШАХМАТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        kungei.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kungei.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



      Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №
Электронды почта: info@kungei.kz

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

saqinfo.kz ақпарат агенттігі