kungei.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 702 474 2494
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
kungei.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

СОЗАҚТА ТАЙҚОҢЫРДЫҢ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛІП, АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ ЖАҢА ҰҢҒЫМА ҚАЗЫЛАДЫ

3 июля, 2026
in Қоғам
0
СОЗАҚТА ТАЙҚОҢЫРДЫҢ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛІП, АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ ЖАҢА ҰҢҒЫМА ҚАЗЫЛАДЫ
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданындағы Тайқоңыр елді мекенінде тұрғындарды көптен бері алаңдатып келген ауыз су, жол, қоқыс және кәріз жүйесіне қатысты мәселелер кезең-кезеңімен шешімін таба бастады. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов елді мекенге арнайы барып, тұрғындармен кездесіп, көтерілген мәселелер бойынша нақты жұмыстардың қолға алынғанын мәлімдеді.

Кездесу барысында тұрғындар ең алдымен жаз мезгілінде туындайтын ауыз су тапшылығы, ішкі көшелердің жай-күйі, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және кәріз жүйесінің мәселелерін көтерді. Әрбір ұсыныс жеке қаралып, оларды шешудің нақты тетіктері талқыланды.

Елді мекен үшін ең өзекті мәселелердің бірі – ауыз су. Жаз айларында судың кестемен берілуі тұрғындарға қолайсыздық туғызатындықтан, өндіріс орындарының демеушілігі есебінен жаңа ұңғыма құдық қазу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары басталып кеткен. Жоба жүзеге асқан жағдайда Тайқоңырдағы ауыз су мәселесін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік туады.

Жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Елді мекендегі жалпы ұзындығы 4,3 шақырым болатын ішкі жолдардың 1,5 шақырымы бұрын асфальтталған. Қазіргі таңда қалған 2,8 шақырым бөлігіне қыршық тас төселіп жатыр. Бұл жолдарды алдағы уақытта толықтай асфальттау жоспарланған.

Тұрғындар көтерген тағы бір маңызды мәселе – қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару. Осыған байланысты жақын күндері арнайы қоқыс төгетін орын белгіленіп, оның аумағы қоршалады. Сонымен қатар қоқыс полигонын заңдастыру жұмыстары басталып, өндіріс орындарының қолдауымен қоқыс тасымалдайтын арнайы техникамен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешімін тапты.

Кездесу барысында кәріз жүйесінің жай-күйі де талқыланды. Мамандардың техникалық қорытындысына сәйкес, тұрғындар санының аздығына байланысты орталық кәріз жүйесін толық жаңарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Осыған байланысты тұрғындарға жеке септик орнату тиімді шешім ретінде ұсынылып, оның артықшылықтары түсіндірілді.

Айта кетейік, Тайқоңыр елді мекенінде соңғы жылдары инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Елді мекенде шағын футбол алаңшасы салынып, 30 қоқыс контейнері орнатылды. Орталық үш көшеге көше шамдары қойылып, бүгінде ішкі көшелер толық жарықтандырылған. Сондай-ақ «Инкай» ЖШС кен орнының демеушілігімен екі жаңа трансформатор орнатылып, электр желілерінің қуаты күшейтілді.

Бұдан бөлек, осы жылдың соңына дейін мал өлекселерін көмуге арналған арнайы орынның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Аудан әкімдігі Тайқоңыр тұрғындары көтерген барлық мәселелер бақылауда екенін атап өтті. Қазіргі таңда жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, ауыз су, жол және коммуналдық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Tags: Созақ ауданыТүркістан облысы
Previous Post

СОЗАҚТА БАСПАНА БАҚЫТЫ: АСТАНА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 25 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        kungei.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kungei.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



      Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №
Электронды почта: info@kungei.kz

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

saqinfo.kz ақпарат агенттігі