kungei.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 702 474 2494
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
kungei.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

МАҚТААРАЛДА 52 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

29 июля, 2026
in Қоғам, Әлеумет
0
МАҚТААРАЛДА 52 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Бүгін Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдауси елді мекенінде жаңадан бой көтерген тұрғын үйлердің алғашқы легі пайдалануға беріліп, 52 отбасы көптен күткен қоныс тойын тойлады.

Жобаның жүзеге асуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында мүмкін болды. Жалпы бұл аумақта 100 тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталған. Оның алғашқы 52-сі «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтар мен көпбалалы отбасыларға берілді.

Салтанатты рәсімге Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтап, баспана – әрбір отбасының тұрақтылығы мен әл-ауқатының кепілі екенін атап өтті.

«Бүгін көптеген отбасының көптен күткен арманы орындалып отыр. Өз шаңырағына қол жеткізу – әр азамат үшін ерекше қуаныш. Баршаңызды жаңа қоныстарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Әр үйден береке кетпесін, шаңырақтарыңыздан шаттық пен бақыт арылмасын», – деді аудан әкімі.

Жаңа тұрғын үйлер барлық қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, табиғи газ, электр энергиясы, ауыз су және кәріз жүйесі жүргізілген. Сонымен бірге тұрғын үй аумағы абаттандырылып, асфальт жолдар төселіп, кіреберіс жолдар толық ретке келтірілген.

Әрбір үйдің жалпы аумағы 63 шаршы метрді құрайды. Баспаналарда кіреберіс, үш тұрғын бөлме, ас үй және санитарлық торап қарастырылған. Сондай-ақ әр отбасыға 7 сотық жер телімі беріліп, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысуға мүмкіндік жасалған.

Жаңа қоныс иелері мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыстарын білдіріп, бұл күннің өздері үшін ұмытылмас қуаныш екенін жеткізді.

Айта кетейік, Фирдауси елді мекеніндегі жаңа шағын аудан алдағы уақытта одан әрі дамытылады. Мұнда спорт және ойын алаңдарын, мәдениет үйін салу жоспарланған. Сонымен қатар, «Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі де осы елді мекендегі жаңа әкімшілік ғимаратқа көшіп, өз жұмысын жаңа орында жалғастыруда.

Tags: Баспана кілті табысталдыМақтаарал ауданыТүркістан облысы
Previous Post

СОЗАҚТЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ: ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР МЕН ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

Next Post

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        kungei.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kungei.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



      Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №
Электронды почта: info@kungei.kz

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

saqinfo.kz ақпарат агенттігі