kungei.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 702 474 2494
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
kungei.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

СОЗАҚ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27 августа, 2026
in Экономика
0
СОЗАҚ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Созақ ауданына жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарындағы жұмыстардың барысымен танысты.
Сапар барысында автоматтандырылған газ тарату станциясында болып, тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Жауапты сала басшыларының қатысуымен өткен жұмыс барысында газдандыру жобаларының қазіргі жағдайы, абоненттерді көгілдір отынға қосу барысы және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар талқыланды.
Бүгінде Шолаққорған ауылында 4600 абоненттің табиғи газға қосылуға мүмкіндігі бар. Оның ішінде қазіргі таңда 600 абонент көгілдір отынды тұтынып отыр. Ауданның өзге елді мекендерін де табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Жартытөбе, Бабата және Аққолтық ауылдарын газдандыру құрылысы жалғасып жатыр.
Зұлпыхар Жолдасов жауапты мамандарға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, газ желілерін пайдалануға беру кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды және тұрғындарды газға қосу жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды.
Жұмыс сапары бұдан әрі денсаулық сақтау саласында жалғасты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Созақ аудандық орталық емханада болды. Емханадағы хирургия, терапия, жан сақтау және басқа да бөлімдерді аралап мамандардың жұмысымен танысты. Дәрігерлермен кездесіп, күнделікті жұмыстағы өзекті мәселелерді тыңдады.
Кездесу барысында тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, науқастарды диагностикалау және емдеу шаралары секілді мәселелер сөз болды. Сондай-ақ аудандағы босану көрсеткіштері, ана мен бала денсаулығын қорғау, диагноз қоюдың сапасы және емдік шаралардың тиімділігі жөнінде жауапты мамандардың ақпараты тыңдалды.
Орталық ауруханада қазіргі таңда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысы да назардан тыс қалмады. Жауапты сала басшылары атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады
Tags: индустрияСозақ ауданыТүркістан облысы
Previous Post

СОЗАҚТА БАСПАНАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Next Post

ҚАБЫЛДАУДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ – БАСПАНА: СОЗАҚТА ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        kungei.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kungei.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



      Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №
Электронды почта: info@kungei.kz

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

saqinfo.kz ақпарат агенттігі