kungei.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 702 474 2494
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
kungei.kz
No Result
View All Result
Home Ауылшаруашылығы

МАҚТААРАЛДА АТАКЕНТ КЕНТІ МЕН ӨРКЕНИЕТ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 90 ПАЙЫЗҒА АЯҚТАЛДЫ

27 августа, 2026
in Ауылшаруашылығы
0
МАҚТААРАЛДА АТАКЕНТ КЕНТІ МЕН ӨРКЕНИЕТ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 90 ПАЙЫЗҒА АЯҚТАЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Мақтаарал ауданында халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы ауқымды жұмыстар жалғасуда. Аудан әкімі Бақыт Асанов Атакент кенті мен Өркениет елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру нысанына барып, құрылыс жұмыстарының барысымен кеңінен танысты.
«Атакент кенті мен Өркениет елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта құру» нысанының құрылысы 2024-2026 жылдарға арналған өтпелі жоба ретінде жүзеге асырылуда. Жобаға республикалық бюджеттен 3,6 млрд теңге қаралған. Құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер «РАДИКОН» ЖШС жүргізуде. Бүгінде нысандағы жұмыстардың 90 пайызы аяқталған.
Жобаның ауқымы да кең. Атап айтқанда, екі елді мекеннің ауыз сумен қамту жүйесін жаңғырту аясында жалпы ұзындығы 116,7 шақырым су құбыры тартылуда. Сонымен қатар, әрқайсысының сыйымдылығы 2000 текше метр болатын 2 су резервуары, 127 өрт гидранты және 900 су құдығы (ВРК) қарастырылған.
Аталған инфрақұрылымдық жоба Атакент кенті мен Өркениет елді мекені тұрғындарының ауыз суға деген қажеттілігін тұрақты әрі сапалы қамтамасыз етуге бағытталған.
Бүгінде Атакент кентінде 20 мыңға жуық, ал Өркениет елді мекенінде 2 мыңға жуық тұрғын тұрады. Яғни, жалпы саны 22 мыңға жуық тұрғынның тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Аудан әкімі Бақыт Асанов құрылыс жұмыстарының сапасына, белгіленген мерзімнің сақталуына және нысанды пайдалануға беру кезеңіндегі жұмыстардың жүйелі жүргізілуіне назар аударды. Жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, нысанды ел игілігіне уақытылы ұсыну жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Қазіргі таңда жобаның негізгі құрылыс жұмыстарының басым бөлігі орындалған. Алдағы кезеңде қалған жұмыстар аяқталып, инженерлік желілердің тиісті талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Жоспарға сәйкес, нысанды 2026 жылдың қазан айының соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отыр.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 68 елді мекеннің 58-інде 24 сағат, 10 елді мекенде кестемен ауыз су берілуде. Биыл ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен 10 елді мекеннің 4-еуінде қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды. Оның інішде Атакент кенті мен Өркениет елді мекенінен бөлек, Шаттық, Ақалтын елді мекендерінің ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Tags: Мақтаарал ауданы
Previous Post

СОЗАҚ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

ТАЙҚОҢЫР – СОЗАҚТАҒЫ УРАН ӨНДІРІСІНІҢ МАҢЫЗДЫ НҮКТЕСІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        kungei.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kungei.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



      Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №
Электронды почта: info@kungei.kz

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

saqinfo.kz ақпарат агенттігі