Шымкент: Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

Шымкентке ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова арнайы іссапармен келді. Ол стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, уақытша тұрушылардың өмір сүру жағдайларымен танысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мекеме 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Орталық 300 төсек-орынға есептелген. Қазіргі уақытта стационарда 150 бала, жартылай стационар жағдайында – 103 бала оңалтудан өтуде

Айжани Нұрланова мекемедегі тұрмыстық жағдайлармен және уақытша тұрушылардың оңалту бағдарламаларымен танысты.

Мекеме басшылығымен әңгіме барысында жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысын бақылау және балаларды қосымша заманауи оңалту құралдарымен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Айжани Нұрланова қызметкерлер арасында психологиялық оқу курстарын өткізу, оларды жылына екі рет санаториялық-курорттық емделуге жіберу және психологиялық шаршауға жол бермеу үшін мотивациялық іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстар берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*