Шымкент: Коммуналдық қызмет шығындарын өтеу бойынша өтінім беру әлі де жалғасып жатыр

Шымкент қаласында коммуналдық қызмет шығындарын өтеу бойынша өтінім беру әлі де жалғасып жатыр. Еліміздің үшінші мегаполисінде төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметі бойынша арнайы communal-komek.kz сайты ашылған. Аталған сайтқа кіріп, коммуналдық төлем бойынша көмек қаржыға қол жеткізгісі келетін тұрғындар аз емес. Ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ақпараттық жүйесі арқылы 31 975 тұрғыннан коммуналдық төлем бойынша өтініш келіп түскен. Коммуналдық қызмет үшін төлем алу мақсатында өтінім бергендерге аталған қызмет аясында мамыр-маусым айында жоспарланған 527 млн теңге толығымен игерілген. Нақты айтқанда 17 566 азаматтың дербес есеп шотына ақша аударылған. Шымкент қаласының тұрғындарынан коммуналдық төлем бойынша өтінімдер 25 маусымға дейін қабылданады. Қалған азаматтардың коммуналдық шығындары шілде айында өтелетін болады. Әлемдік пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың  халықты қолдау мақсатында қолға алған бұл көмекке белгілі санаттағы тұрғындар ғана өтінім бере алатынын ескеру қажет.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*