Әлемдік пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығы 2020 жылдың 26 наурызынан бастап қызметтерді онлайн көрсетіп келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 17 679 отбасыға, яғни 88 671 адамға атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде ұзартылған. Ал, 28 сәуірдегі жағдай бойынша 213 отбасының, яғни 1047 адамның (27 сәуірде 470 адам болған) Egov.kz порталы атаулы әлеуметтік көмекке жолдаған өтініші қабылданған. Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығы онлайн форматта жұмыс істеп жатыр. Дүние жүзінің жұртшылығын алаңдатып, әлем бойынша қауіп төндіріп тұрған аты жаман індеттің салдарынан Шымкент қаласы тұрғындарына да талапқа бағынып, сақтық шараларын сақтап жүру абзал.
«Айта кету керек, электронды үкімет порталы түсіп жатқан өтініштер күн санап артып отыр. Осы ретте орталық өзгерістер туралы мәліметтерді күнделікті жариялап отыратын болады,»- деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру