Түркістан: Сарыағаш ауданында жаңа көпірдің құрылысы жүріп жатыр

 

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы Келес өзенінде жаңа көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Жарты төбе мен Құркелес ауылдық округтерінің аумағынан өтетін өзен ауыл тұрғындарының ара қатынасы үшін аса маңызды нысан боп саналады. Бұл нысанның құрылыс жұмыстарын жергілікті басшылық қатаң бақылауында ұстап отыр. Көпірдің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан қазіргі таңда мердігер мекеме «Корпорация Береке-А» ЖШС-гі тарапынан ұзындығы 60, ені 10 метр болатын жаңа көпірдің және көпірге дейінгі Еңкес елді мекеніндегі С.Мұсаұлы көшесінің 0,42 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа көпір ағымдағы жылдың қазан айының аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Тиісті басқармалар мен Сарыағаш ауданы басшылығы халық игілігі үшін салынып отырған көпірдің құрылыс сапасын қадағалап отыр. Аса маңызды саналатын нысанда жұмыс істеп жатқан мердігер компанияға құрылыс материалдарының сапасын назарда ұстап және нысанды белгілеген мерзімнен кешіктірмей өткізу тапсырылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*