ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ ҮШ ЕЛДІ МЕКЕНГЕ 4 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ КӨШЕ БОЙЫНА ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ШАМДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысы  Түлкібас ауданында тұрғындардың өтінішіне сәйкес Балықты ауылына қарасты Панюкова, Майтөбе ауылына қарасты Сүйінбай және Таусағыз елді мекеніндегі Жандосов көшесіне түнгі жарықтандыру шамдары орнатылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл жайында бүгін аудан әкімінің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асыл Сәтбайұлы мәлімдеді.
Аудан елді мекендерін жарықтандыру мәселесі бойынша баяндама жасаған Асыл Сәтбайұлы әр округ, кентерге жеке-жеке тоқталып, елді мекендердегі түнгі жарықтандыру шамдарының қазіргі таңдағы жағдайын қамтып өтті.
Бұдан бөлек лездемелік жиында 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары мен тұрғындарды көгілдір отынмен қамту, аудан аумағын ағын сумен қамтамасыз ету және аудан әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы бойынша баяндамалар тыңдалды.

Әр мәселе бойынша баяндамашыны тыңдап шыққан аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы, күн қысқаруына байланысты түнгі жарықтандыру шамдарының тұрғындарға маңыздылығын ескеріп, барлық елді мекендердегі істен шыққан шамдарды қалпына келтіру бойынша қарқынды жұмыс жүргізу қажеттігін ескерді. Және алдағы жылға біздің басты жұмыс бағытымыздың бірі елді мекен тұрғындарының ыңғайлылығы үшін көшелерді жарықтандыру деді. Сонымен қатар, тиісті меке басшыларына жоспарлы түрде немесе төтенше жағдай салдарынан табиғи отын(газ) өшетін жағдай болса, дереу нақты ақпаратқа сүйене отырып халыққа түсіндіру және хабарландыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескерді. Себебі, табиғи отыннын қанша күн болмайтынын және қашан өшетінін білген тұрғындар алдын ала қамданатының айтты.
Биыл аудан әкімдігі тарапынан елді мекен шегіне жаңадан қосылған Қабандай ауылына қарасты Жаңа құрылыс және Азаттық елді мекеніне қарасты Байысбаев көшесіне газ құбырлары толығымен артылып болды. Қазіргі таңда басты газ құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына дейін Жаскешу елді мекеніне қарасты Сейдалиев, Көктерек елді мекеніне қарасты Жаңа, аудан орталығындағы Сейдалиев және Шақпақ баба ауылындағы Шүкіріп бен Айманбетов көшелері мен Майлыкент ауылындағы тімір жол маңындағы газ құбырына қосылмаған тұрғын үйлерді қосу жұмыстарын іске асыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда үш елді мекен көшелерінің құжаттары толығымен рәсімделіп, қалған елді мекендегі абонеттерге рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Құжаттары толығымен рәсімделіп болған соң қазан айының соңына дейін облыстық бюджеттік комиссияға ұсынылмақ.
Аудан аумағында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту мақсатында іске асып жатқан каналдар құрылысының жұмысы бекітілген мерзімнен кешікпеу керектігін қатаң бақылауда ұстауды тапсырып, су нысаны өтетін елді мекендер маңынан жергілікті тұрғындармен ақылдаса отырып мал өткелдерін қалдыру керектігін ескерді. Сондай-ақ, округ әкімдеріне қоғамдық саяси ақуал мен ұлт аралық қарым қатынас мәселесі күн тәртібінен түспейтіндігін дүп айтып, бұл мәселе басты назарда болу керектігін жеткізді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*