Бүгін журналистер қауымы «Turkistan Jana-qala» жаңа тұрғын үй алқабында да болып, жаңадан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерді аралап көрді. Түркістан қаласында «Арман» және «Сырдария» тұрғын үй кешендері жобалары да жүзеге асырылған. Нәтижесінде 1 418 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын салынып, өткен жылы 165 пәтер сатылды. Ал, үстіміздегі жылдың соңына дейін жалпы ауданы 32 864,02 шаршы метр болатын 488 пәтерлік 16 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
БАҚ өкілдері аялдаған соңғы нысан Н.Назарбаев даңғылындағы ақпараттық-мультимедиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жоба болды. Онда қаланың туризм саласындағы жаңалықтар және туристерге қажетті ақпараттарды насихаттауға арналған LED экран қойылған.
Айта кетейік, 2021 жылдың соңына дейін тағы 215 жарнамалық құрылым орнату жоспарлануда. Бүгінгі күні серіктес-инвестордың есебінен жалпы сомасы 400 млн. теңгеден астам 34 жарнамалық құрылым орнатылып, жобаның бірінші кезеңі аяқталды.
Сондай-ақ, мұнда «Turkistan Bike» автоматтандырылған велопрокат жобасы жүзеге асырылған. Бұл жоба аясында қала бойынша 40 велосипеді бар 5 велобекет орнатылған. Жобаның пилоттық іске қосылуы сәтті өтті және қазіргі уақытта жергілікті тұрғындар арасында, сонымен қатар, қала қонақтары арасында да үлкен сұранысқа ие.
Пресс-турдан соң облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов және «Түркістан» ӘКК» АҚ Басқарма төрайымы Айгүл Ахмеджанованың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Жиын барысында А.Ахмеджанова баяндама жасап, журналистердің сауалдарына жауап берді.
Пікір қалдыру