«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде ауданымыздағы, қала берді, қаламыздағы инфоқұрылым мәселесінан түрлі шағымдар мен өтініштер келіп жатады. Бұл дегеніміз шешімін таппаған қордаланған мәселердің бар екенін көрсетеді.
Биыл Әл-Фараби ауданының тұрғындары ауыз су, табиғи газ, сапалы электр желісімен 100 пайыз қамтылады. Бұл туралы қала әкімінің есепті кездесуінде аудан басшысы Р.Мыңбаев баяндады.
Әл-Фараби ауданында 207 мың тұрғын қоныстанған. Аудандағы 15 елдімекен, яғни тұрғындар толығымен ауыз сумен қамтылған. Тек биыл Текесу тұрғын алабында су құбырын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аяқталады.
Ауданды сапалы электр желісімен қамту көрсеткіші де 100 пайыздық көрсеткішке жетеді. Бұл мақсатта былтырғы жылы Сәуле шағын ауданы 276 орамда басталған құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталады.
Өткен жылы тұрғындардың табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 99,5 пайыз болса, бұл жылы толығымен қамтылады. Қазіргі таңда Ақтас-2 және Сәуле шағын ауданы 276 орамда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 87 пайызға жеткізу үшін Шолохов көшесінде және Хлопзавод көшесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылы Түркістан және Ақжайық шағын аудандарында құрылыс басталып, Химфарм «ТҮРКІСТАН» Ш/А. 4252 ХАЛЫҚ (1052 АБОНЕНТ) «ХИМФРАМ» Ш/А.шағын ауданына кәріз жүйесін тарту үшін ЖСҚ әзірленбек.
Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өткен жылы 22 көше жарықтандырылған болса, бұл жылы 17 көше жоспарда тұр.
Бақыт Қыдырбаев
Шымкент қаласы мәслихатындағы
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі
Пікір қалдыру