БАЛАЛАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ — БІР БАҚЫТ

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты ретінде балалр жылында балаларды қуантуға асығып тұру міздің міндет. Жыл басынан бері сайлауалды бағдарлама ненгізінде салынып жатқан балалр алаңшаларының ашылуында болып келдік. Сондағы түйгеніміз: Әр алаңша ашылғанда бүлдіршіндердің көзінде ерекше қуаныш, бөлек сезім. Бұл біздің болашағымыздың нық қадаммен тұруына сеп болады. Сондықтанда бұл бастаманы әрқашан қолдап отыруымыз қажет.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасының үлесі жыл сайын артып келеді. Мәселен Әл-Фараби ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 4 есеге артқан.

Ауданды өткен жылы 14 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биыл 59 жобаға қаржы бөлінді. 50 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 ашық спорт алаңшасы салынбақ. Бұл жұмыстарды тұрғындар дауыс беру арқылы таңдаған болатын.

2023 жылы 32 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 7 ашық спорт алаңшасы салынса, 100 пайыздық меже орындалады.

Айта өту керек, жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*