ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде қаламыздағы тазалық мәселесін назарда ұстауға тырысамын. Тазалық  болған жерде береке бары белгілі. Сондықтанда елдің азаматы ретінде, қаланың тұрғыны ретінде әрқайсысымыз өз айналамызды таза ұстасақ, қаламыз көркейеді, ажарлана түседі. Тазалықпен қоса абаттандыру жұмыстары жасалынып жатыр. Бұл адам денсаулығына да әсері орасан. Осыған байланысты қала әкімінің алты айлық есебінде тазалық мәселесі көтерілген болатын.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін аудан 7 секторға бөлінген. Мұнда ішкі орамдық көшелер аптасына 2 рет, 172 қоқыс жәшігі күніне 3 рет, 425 қоқыс жәшігі күніне 2 рет, көп қабатты тұрғын үй аулалары аптасына 4 рет қоқыстан тазартылады.

Көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау мақсатында биыл 6 ай көлемінде: 1750 дана ағаш қырқылған, 11 420 ағаш әктелген, 100 413 дана гүл және 3300 ағаш отырғызылған. Жыл соңына дейін 180 мың түп гүл, 8 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

 

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*