ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРУ КЕЗЕҢІНДЕ ҚР-НЫҢ ШЕГІНЕН ТЫС ЖЕРДЕ САТЫП АЛУҒА АРНАЛҒАН ШЫҒЫСТАРДЫ ЖАБУ КӨЗДЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ КӨРСЕТЕДІ

Кәсіп жасап, нәсібін тауып жүрген жеке тұлғалар да мемлекет алдында есеп беруге міндетті.  Елімізде қаншама адамдар өзінің құқықтық борышын түсінбегені салдарынан түрлі кедергіге тап болуда.
Жеке тұлғалар, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салықтық кезең ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік;
2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
4) бағалы қағаздар;
5) инвестициялық алтын;
6) туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
7) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері.
Осы мәліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшада көрсетіледі.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларация қағаз жеткізгіште мемлекеттік кіріс органдарына не Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) келу тәртібімен ұсынылады.
Кірістері мен мүлкі туралы Декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша тапсырады.
Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне кіретін адамдар үшін тұрғылықты жері (келу орны) бойынша декларацияны қағаз нұсқада тапсыру мерзімі – 2023 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей немесе электрондық түрде – 2023 жылғы 15 қыркүйегінен кешіктірілмеуі тиіс.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*