ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН — ӘКІМШІЛІК ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

2023 жылдың шілдесінде «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатыв. Аталмыш Заң онлайн-платформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Заңға сәйкес инфлюенсер (блогер) ол онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаның пайдаланушысы.
Өз кезегінде онлайн-платформаны пайдаланушы онлайн-платформада өзінің дербес деректерін тіркеген немесе ұсынған, немесе сәйкестендіруден өткен жеке немесе заңды тұлға болып табылады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 шілдесінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі — ӘҚБтК) жаңа 456-2-бап енгізілді.
Осылайша жалған ақпарат таратқаны үшін қарастырылған әкімшілік жауаптылық 2023 жылдың 10 қыркүйегінен бастап заңды күшіне енеді.
Бұл жердегі жалған ақпарат деп отырғанымыз  ол шындыққа сай келмейтін не қамтылған фактілер едәуір бұрмаланған, адамдар, заттар, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы жалған түсінік қалыптастыратын, кез келген нысанда тіркелген ақпарат.
ӘҚБтК-тің жаңа бабы бойынша:
— жеке және лауазымды тұлғалар;
— кәсіпкерлік субъектілері;
— инфлюенсерлер (блогерлер) субъектілер болып табылады.
Осыған орай, әкімшілік жауаптылық жалған ақпарат орналастырғаны, таратқаны және қоғамдық тәртіптің, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуына жағдай жасағаны үшін туындайды.
Аталған әкімшілік құқық бұзушылықтың салдары үшін 20 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін (61 260 теңгеден 612 600 теңгеге дейін) айыппұл көзделген.
Яғни жалған және фейк ақпаратты жариялау әкімшілік жауаптылыққа алып келеді.
Осыған байланысты кез келген ақпаратты орналастырмас бұрын, жарияланатын ақпараттың дұрыстығына көз жеткізіп, тексеруге шақырамыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*