ҰЛТТАР ДОСТАСТЫҒЫ — БІРЛІКТІҢ МЕКЕНІ

Алдағы күндері Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы күндері аталып өтіледі деп жоспарланған.  Бауырлас мемлекеттің дәстүрі мен әдебін көріп, салты мен өнерін тамашалау қазақ жұртына қызық болары сөзсіз. Шахарымызда ұш күнге сөзылатын мерекелік шаралардың арнайы бағдарламасы да бар.

26-28 тамыз күндері «Көрме» орталығында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдері, отандық қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
 27 тамыз күні сағат 15:00 – «Признание саразма» көркем фильмінің көрсетіліміне ұласады. («Гипер Хаус» сауда үйі);
18:00 –Халық шығармашылығы, ұлттық киімдер, картиналар мен фотосуреттер көрмесінің таныстырылымы және Тәжікстан Республикасының мәдениет және өнер жұлдыздарының қатысуымен салтанатты концерт өтеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді,

Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды. Жоғарыдағы  іс-шараға қаланың кез-келген тұрғыны қатыса алады.
Бұл аталған шаралар екі елдің ынтымақтастығын нығайтып, сенімін бекемдейді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*