Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында өткен салтанатты концерт екі елдің арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның қатысуымен өткен шарада «Кохи Борбад» сарайында Қазақстан мен Тәжікстанның өнерпаздары өз өнерлерін паш етті. Astana ballet, «Астана Опера» театрының хоры және Hassak этно-фольк тобы Тәжікстан көрермендеріне ұмытылмас әсер қалдырды.
Сонымен қатар, 22 тамыз күні Орта Азияның шежірелі Худжанд қаласында 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласының өнерпаздары да концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Концерттік бағдарлама «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт аспаптар оркестрі және «Қазына» би ансамблінің орындауында Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйі мен Құрманғазының «Балбырауын» күйінен тұратын «Думанды дәурен» композициясынан басталып, дәстүрлі әндер мен қазақ классикалық жауһарларымен жалғасты.
Концертте Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» поэмасы Қазақ ұлт аспаптар оркестрімен орындалды. Шымкент қалалық опера және балет театрының солисті, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова Латиф Хамидидің «Бұлбұл» шығармасын орындап көрерменді тәнті етті. Сонымен қатар, домбыра шеберлері қазақ композиторлары Е. Хасанғалиев, Қ. Мырзалиев, И. Байзақ, Қ. Жапсарбаев және К. Әзірбаевтың туындыларын орындап, Худжандтық көрермендердің ыстық ықласына ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасының екі жақты өзара қатынасы достық сипатта және жоғарғы дәрежедегі саяси ынтымақтастық бағытында дамып келеді. Қазақстанның мәдениет күндері аясында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында мәдениетаралық байланыстарды кеңейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.
Қаланың тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында өткен Жалпықалалық сенбілік — қала тұрғындары үшін үлкен маңызға ие шаралардың бірі. Бұл сенбілікке Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ерікті жастар, сондай-ақ қаладағы бірнеше колледждер мен […]
Шымкент қаласында спорт әлемі үшін маңызды оқиға – ауқымды халықаралық ату чемпионатының шымылдығы түрілді. Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің бірқатар жоғары лауазымды тұлғалары қатысты. Олардың қатарында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры […]
Аким Шымкента, Мурат Айтенов, ознакомился с работой ряда предприятий, расположенных в индустриальной зоне «Оңтүстік», которые вносят значительный вклад в развитие экономики города. Глава города отметил государственную поддержку предпринимателей и обменялся мнениями с управляющими предприятий. […]
Пікір қалдыру