Тұрғындарға заманауи технологияларды пайдалануға қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Былтыр қаладағы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылған болатын. Қазір қосымша тағы 5 қоғамдық орынға 15 Wi-Fi құрылғысы орнатылып, жалпы саны 70 Wi-Fi құрылғысы іске қосылды. Тегін Wi-Fi желілері саябақтарда, алаңдарда, мәдени орталықтарда және басқа да орындарда интернетке қосылып, қажетті ақпаратты жылдам алуға, жұмыс істеуге, білім алуға, немесе әлеуметтік желілерді пайдалануға мүмкіндік береді. Желілер қаламызда Бәйдібек би алаңына, Әкімдік маңына, Аэропортқа, Дендросаябаққа, Нұрсат аллеясына, Назарбеков көшесіндегі гүлзарға орнатылды.
Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін «2GIS» қосымшасына арнайы бөлім енгізілді. Бұл бөлімде жедел қызметтердің байланыс нөмірлері, олардың орналасқан жері және қаладағы тегін Wi-Fi желілері туралы толық ақпарат көрсетілген. Мұндай шешім қала тұрғындарының қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуін жеңілдетеді және қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді.
Шымкент қаласы Абай ауданы Ақжайық шағынауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз жалғасын тапты. Бұл шараға «Amanat» партиясы қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқосынов бастаған қалалық және аудандық қызметкерлер, сондай-ақ партия жанындағы «Жастар рухы» қанатының […]
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен бүгін жалпықалалық сенбілік күні өткізіліп, тазалық шараларына қала тұрғындары белсене қатысты. Сенбілік барысында әр аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандар аумағы, гүлзарлар мен саябақтар, көп қабатты тұрғын үй аулалары және көше […]
Шымкент қаласының тұрғыны Құдайберген Иманалиев спорт жаттықтырушысы болған. Алайда, жылқы малына деген қызығушылығы басым түсіп, 7 баланың әкесі былтыр мемлекеттен алған қайтарымсыз грант қаражатына екі бие сатып алады. Көпбалалы отбасы содан бері бие сауып, қымыз […]
Пікір қалдыру