Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісінде экологияның өзекті мәселелері, «Шымкент Бас Жоспары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының 7 айлық қорытындысы талқыланды.
Экология департаментінің басшысы Е.Қозыбаев мегаполистің экологиялық ақуалын баяндап, тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға тоқталды. Санитарлық қорғау аймақтарын бекітуге, өзен сулардың жағдайын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтарға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н. Жүнісбеков «Шымкент Бас Жоспары» мекемесі тарапынан атқарылған жұмыстарды баяндады. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты – қала құрылысын, сәулеттік келбетін жақсарту, жер қатынастары және қала аумағын тиімді пайдалану саласын жетілдіру болып табылады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж.Утебаева жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының орындалуына тоқталды. Жалпы, биыл қалада 26 482 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жоспар екі бағытта — азаматтардың жеке бастамасымен және қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде жүргізілуде. Жұмыс орындарының құрылуына мүдделі салалық басқармалардың тиісті іс шараларды жүйелі түрде атқаруына қатысты тапсырмалар берілді.
Қала әкімі сондай-ақ жауаптыларға жастарға қарастырылған білім гранттарын беруді тездету, жол құрылыстарын мерзімге сай атқару, тұрмыстық қалдықтарды жинастыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын – 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальт, 233 шақырым шағал тас болса, 33 шақырымды топырақ көшелерді құрайды. 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 70 көшені асфальттау […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Парманов және Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Абай ауданы бойынша басшысы А.Шажаевтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар […]
Шымкент қаласында қазір тәулігіне 50 мың текше метр су өңдейтін жаңа кәріз тазалау ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған нысанға барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Шымкент қаласында қазір тәулігіне қуаттылығы 150 мың текше […]
Пікір қалдыру