ШЫМКЕНТТЕ АЛПАУЫТ ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков керамогранит зауытын салып жатқан шетелдік инвесторлармен кездесті. Инвестициялық жоба Орта Азия елдерін сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. «Жұлдыз» индустриалды аймағындағы 32 гектар аумақта салынып жатқан кәсіпорын ғимаратының құрылысы 30 % аяқталған. Қазірде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп отыр.

«Wan Sheng Ceramic» ЖШС компаниясының құрылтайшылары қала басшысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу, электр және сумен жабдықтауға қатысты өзекті мәселелерді жеткізді.

«Үкімет тарапынан инвесторларға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктелген. Сондықтан да сіздерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Туындаған проблемаларды заң шеңберінде шұғыл шешуді тапсырамын. Зауыт іске қосылғанда барынша жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтылуы тиіс» – деді қала әкімі.

Жобаға сәйкес зауыт қуаттылығына сай бірінші және екінші сатысында жылына 12 770 мың шаршы метр керамогранит өндіреді. Аталған екі кезеңінде 700 адамды жұмыспен қамтиды. Жобаның алғашқы кезеңі келесі жылы, екіншісі 2025 жылы жүзеге асырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инвистициялық жобалар арқылы ішкі өнімдеріміздің санын арттырып қана қоймай, сапаға да аса мән берілуі керек. Аталған зауыттың ашылуы тек қалада емес еліміздің ірі жобаларының бірі болмақ. Сапасын арнайы тексерістен өткізіп, экспортқа шығарылса, ел экономикасына едәуір күш қосылатын болады. Бұл жобаның түпкі мақсаты да осы болып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*