Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта жолаушылар терминалы құрылысының 1-кезеңі аяқталды.
Бүгінде жобаның екінші кезеңінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, әуежай аумағында абаттандыру және инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілуде.
Қасбеттік жүйелерді монтаждау 15 маусымға дейін аяқталады деп күтілуде. Қазір жолаушылар терминалының аяқталған құрылыс жұмыстарының жалпы үлесі 60 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, әуежай аумағын абаттандыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы қала әкімдігі әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыруға 912 млн теңге бөлген болатын. Бұл жұмыс қазір аяқталды. Бүгінде жобалық құны 1,7 млрд теңге болатын жаңа кіреберістің құрылысы жалғасуда, оның аяқталуы бірінші жартыжылдықтың соңына жоспарланған.
Атап айтқанда, терминал шатырын монтаждау жұмыстарымен бірге сыртқы қасбетін жабдықтау құрылыстары толық жүргізілді.
Сонымен қатар, жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары да кестеге сәйкес іске асты. Терминалдың жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайды.
Әуежай жұмыстарының 2-кезеңі жоба бойынша 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Өз кезеңінде қала әкімі терминал құрылысының жұмысын сапалы әрі өз мерзімінде аяқтауды тапсырды. Бұдан басқа, инженерлік желілер құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Оның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Қаламыздағы әуежайдың санитарлық қорғау аймағында орналасқан нысандарға қатысты шешім өзгерді. Тиісті құқықтық-нормативтік актілер бойынша әуежайдың санитарлық қорғау аймағы 100 метрге дейінгі қашықтықты алып жатуы тиіс. Оған әуежай маңындағы 139 гектар жер кіреді. Сонымен қатар, аталған […]
Түркістан облысына сапары барысында Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты. Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан. Қаладан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған. […]
Түркістандағы «Түркістан халықаралық әуежайы» Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 1-ші санатына сәйкес келеді. Елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба іске қосылған еді. Аталған жобаны іске асырудағы мақсат – өңірлерді жан-жақты дамытып, тұрғындар […]
Пікір қалдыру