Қаламызда интернет және мобильді байланыс желісінің сапасын арттыруда тиісті жұмыстар жалғасуда. Қала аумағындағы байланыс желісін жақсарту мақсатында соңғы технологияға негізделген базалық станцияларды орнатуға басымдық берілуде.
Бүгінгі таңда қай сала болмасын ғаламторсыз жұмысы жүрмейді. Тіпті, ауырып ем іздеген науқасты да алдымен базаға тіркелуін қаматамасыз ету де интернет желісі арқылы. Интернет желісіне артылатын жүк ауырлаған сайын, жұмыс істеу сапасы нашарлай түседі. Білім де, ғылым да интернеттің илеуінде. Сондықтан сапаның артып, жұмыстың жақсарғагын қалайтындпрдың қарасы қалың.
Елдімекендерге «Кcell» АҚ-ымен бірлесе 5G технологиясымен 60 базалық станциясы орнатылды. Қазір Көкбұлақ 96/1 аумағында 5G базалық станциясының монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар келесі аптада аяқталып, базалық станция іске қосылады.
Алматы тас жолындағы «Сайман» сауда үйінің шатырында орналасқан станцияның жұмысы толығымен аяқталды. Аумақта тұрғындар 5G технологиясының артықшылықтарын арнайы смартфондар арқылы тегін қолдана алады. Қалалық цифрландыру басқармасының қызметкерлері осы бағыттағы жұмыстардың барысын жіті тексеріп, жыл соңына дейін қойылған жоспардың орындалуын жіті қадағалайды.
5G станциясының қандай артықшылықтаы бар?
5G технологиясы қабілетті артықшылықтарды береді. Бұл технология жылдам интернет қосымшасын жасауға, мобильді байланысты қолданушыларға өмірінің көптеген жағдайында жақсы және әрекетті байланыс мүмкіндігін береді.
5G станцияларының орнатуымен шымкенттіктер жиі өмірінің соңғы технологиялық тенденцияларымен жақсы танысады. Бұлар жаңа жүйелі технологияның артықшылықтарын тиімді жолда пайдалануға мүмкіндік береді.
5G базалық станцияларының орнатуы аумақтық цифрландыру жобаларын қолданушыларға жақсы байланыс көрсету мүмкіндігін арттыруда көмек көрсетеді. Бұлар медицина, білім, өнеркәсіптік жобалар, жолаушы қызметтер мен көптеген салаларда жайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру