ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕРІ ӨНІМДЕРІН КӨПШІЛІККЕ ҰСЫНДЫ

Бүгін «Арбат» алаңында өткен жәрмеңкеде қайтарымсыз грант иелері қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды.
Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, мемлекеттік қолдау аясында кәсіптерін дөңгелетіп отырған 200-ге жуық грант иесінің бизнес-жобаларымен танысты.
 Былтыр қалада мемлекеттен 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз қаражат алған 1000-нан астам азамат бүгінде тағам өнеркәсібі, мал шаруашылығы, қызмет көрсету салалары мен қол өнер және жиһаз өндіру кәсіптерімен айналысуда.
 Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мамандары бағдарлама қатысушыларына алдағы уақытта шағын кәсіптерін кеңейтіп, орта бизнес деңгейіне арттыруда қолдау көрсетуде.
 Іс шара барысында ірі кәсіпкерлер өнімдерге қызығушылық танытып, грант иегерлерімен әріптестік байланыс жасауға уағдаласты.
 Қала әкімі мемлекеттік бағдарлама аясында бизнеске бет бұрған тұрғындарды жан-жақты қолдауда тиісті шаралар жалғасатынын жеткізіп, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.
 Биыл қалада 400-ден астам бизнес-жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жыл басынан бері 228 азаматқа бизнес бастауға қайтарымсыз грант берілді. Бүгінде қосымша 219 грантқа өтінім қабылдануда.
Айта кетейік, грант қаражаттары жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Грантқа өтініш  осы жылдың 20 ақпанынан бастап  қабылданды. Арнайы бизнес жоспар бойынша, комиссиялардың қатысуымен өткізілген болатын. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*