Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 213 мыңнан астам, сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. Қаратау ауданының елдімекендерінде халық тығыз орналасқандықтан және қаланың шеткі боліктеріне болғаны салдарынан инфрақұрылым мен транспортта шешілмеген мәселелер жиі кездеседі.
Десек те, ауданның жылдан жылға әлеуметтік экономикалық деңгейі жоғарылап, инфрақұрылымы дамып келеді.
Қаратау ауданына қарасты Қайтпас шағын ауданында бүгінде 15 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 3 891 жеке секторлы үй, 3 мектеп, 18 балабақша орналасқан. Қазіргі уақытта балалар ойын алаңшасын салуға тиісті жер қарастырылып, биыл балалар қуанышына орай пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Қайтпас шағын ауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Айта кетейік, биыл шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Сондықтан Ер Жәнібек, атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар биылғы жылы 6 көше, атап айтқанда Болашақ, Медеу, Ахметбаев, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері жарықтандырылады. Келесі жылы Көркем, Тұран, Әмірбеков көшелерін жарықтандыру жоспарланған. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аталған шағын аудан интернет жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, шағын ауданда №42, 24,57 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.
Жалпы Қайтпас елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған.
В онлайн-церемонии открытия принял участие аким города Мурат Айтенов. Он вышел в прямой эфир с представителями новых производств и пожелал удачи коллективам. «Шымкент считается центром торговли, промышленности и культуры. Сегодня, в канун Дня столицы, […]
Шымкент қаласында жоғарғы оқу орындарының студенттері ұстаздарына ақша жинап беріп отырған, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев журналистермен өткізген брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, «Саналы ұрпақ» […]
Бұл жөнінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков, өзінің «фэйсбуктегі» парақшасында жазды. Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана – мегаполистегі ірі көпбейінді аурухана. Мұнда жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету сапасы уақыт талабына сай дамып […]
Пікір қалдыру