Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылдың тамыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде.
Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді бюджеттік кредит есебінен күрделі жөндеу жұмыстары қазіргі таңда Күншығыс шағын ауданы №11,14,1 және Спорттық шағын ауданы №10, Ә.Жангельдин көшесі №16, Дулати көшесі №205, Әл-Фараби көшесі №21, А.Асқаров көшесі №32, Республика даңғылы №26, 36А мекен жайында орналасқан тұрғын үйлердің шатыры толығымен ауыстырылды. Мұндан бөлек Ғ.Ильяев көшесі №113/5, Әл-Фараби көшесі №21 тұрғын үйлерінің қасбеттері жаңартылуда. Аталған тұрғын үйлердің сонымен қатар кіреберіс, канализация және су құбырларын жөндеуден өткізу көзделген.
Айта кету керек, көппәтерлі тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. 2022 жылы қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Модернизация бойынша күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде атқарылуда.
Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады.
Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-і
В Шымкенте успешно выполняются поручения Главы государства К. Токаева по стабилизации эпидемиологической ситуации в стране. Так, в Шымкенте впервые по республике открыт 51 дневной стационар. В результате, в городе в два раза усилилась медицинская […]
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Құрсай елді мекені А-2 жолы мен маразат аумағында тазалық жұмыстары жүргілді. Аталған акцияға Тұран коммуналдық мекемесінің, «ШСК» ЖШС-ның қызметкерлері, сонымен қатар, Экология департаменті, «Жасыл ер» жастар жасағы, барлығы 200 адам […]
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қала мәслихатының жетінші сессиясына қатысты. Күн тәртібінде үшінші мегаполистің даму жоспары аясында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Полиция департаментінің басшысы Думан Таев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Жыл басынан […]
Пікір қалдыру