Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Құрсай елді мекені А-2 жолы мен маразат аумағында тазалық жұмыстары жүргілді.
Аталған акцияға Тұран коммуналдық мекемесінің, «ШСК» ЖШС-ның қызметкерлері, сонымен қатар, Экология департаменті, «Жасыл ер» жастар жасағы, барлығы 200 адам қатысты. Сонымен қатар, 10 техника жұмылдырып, 150 тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары жасалды. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы аумақтарды қоқыстардан тазартуға шығады. Кейіннен әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілетін болады, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ урналарды орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты инфрақұрылымды абаттандыру мен дамытуға байланысты мәселелерді шешеді. Үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады.
Сонымен қатар саябақтар мен гүлзарлардың айналасындағы бар қоқыс сыртқа шығарылып, артық өскен бұта-шөптері оталып, ағаш түптері әктеліп, қаланың көркі болған саялы мекендердің реңі кіріп қалды. Тал-терегі жайқалған демалыс аймақтарын тазалап тұрудың да өзінше мәні зор. Себебі жасыл желекті алқаптар өндірісі өрістеген, күн санап кәсіпорын қатары көбейіп келе жатқан алып мегаполистің өкпесі іспетті. Сол себепті, саябақтарды жыл он екі ай күтіп ұстау, жасыл желек қатарын көбейту, шаһар экологиясы үшін өте маңызды. Оның үстіне күн ыстық кезде салқын жер іздеп, дамыл табатын қолайлы орын – саябақтар. Оның тазалығына көңіл бөлу тек әкімдіктің емес, барша тұрғынның міндеті болса керек-ті.
В Шымкенте состоялось торжественное открытие нового учебного корпуса военного колледжа имени генерала Сабыра Рахимова. В мероприятии приняли участие министр обороны Республики Казахстан, авиационный генерал-лейтенант Даурен Жуматаевич Косанов, а также аким города Шымкента Габит Сыздықбеков. Колледж […]
Сегодня в Департаменте полиции города Шымкента прошло торжественное собрание, посвящённое Дню Конституции Республики Казахстан. В праздничном мероприятии приняли участие руководство департамента, личный состав, а также ветераны органов внутренних дел. С поздравительным словом к присутствующим обратился […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Түркістан сарайында» орналасқан референдум учаскесінде АЭС салу мәселесі бойынша дауыс беруге қатысты. Айта кетейік, Шымкентте 344 учаскесі ашылды, онда тұрғындар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады. […]
Пікір қалдыру