Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1- санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады.
Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында ведомство басшысы Марат Қарабаевтың төрағалығымен өткен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылды.
Қазіргі таңда бұл аталған қалалардың байланыстырушы жолы едәуір тар және кептелісі де жоқ емес. Айналма жолдың маңыздылығы сол көлік жүргізушілерінің еркін және сенімді жүргізуіне ыңғайластырылған. Айналма жолмен көбіне алыс жолға шығатындар жүреді. Сондықтан да, Мемлекет басшысы айтқандай халықтың барлық жағдайын жасауға әрет ету керек.
Келелі жиынға Шымкент тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов пен жол саласындағы жауапты мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері мен құрылыс және жөндеу жұмыстарының жобалары таныстырылды. Жаңа жобаларды ұсыну, құптау шаралары жүргізілсе айналма жолдың ауылы алыс емес. Қаламыздағы Ташкент пен Алматы трассасына шығу үшін қала ішімен өтуді қажет етеді. Халқы тығыз орналасқан Шымкенттің Қазығұрт, Құрсай елдімекендерінің тұрғындары үшін жүк көліктері үлкен кедергі. Айналма жол салынса, бұл мәселенің түйіні шешілмек.
Шымкент қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында кезекті «Бір нүктелік» рейдтік іс-шарасы өткізілді. Бұл жолғы шараға Патрульдік полиция полкі қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге полк командирі және оның қызмет жөніндегі орынбасары да […]
Футболдан ел чемпионы Шымкенттің «Ордабасы» командасы бүгін де Семейде сүреңсіз ойын көрсетіп, ҚПЛ-дің 6-турында шығыстың «Елімай» командасымен тең түсті. Осылайша ордабасылықытар өкінішке орай, биылғы маусымда чемпиондық ойын көрсете алмай, ұпайдан шашау шығарып жүр. Біріншілік басталғалы […]
В Шымкенте в рамках оперативно-профилактического мероприятия «Участок» сотрудники полиции провели масштабные проверки по месту жительства граждан, владеющих оружием. Основная цель рейда заключалась в том, чтобы выявить и пресечь нарушения, связанные с правилами хранения, сроками регистрации […]
Пікір қалдыру