Футболдан ел чемпионы Шымкенттің «Ордабасы» командасы бүгін де Семейде сүреңсіз ойын көрсетіп, ҚПЛ-дің 6-турында шығыстың «Елімай» командасымен тең түсті. Осылайша ордабасылықытар өкінішке орай, биылғы маусымда чемпиондық ойын көрсете алмай, ұпайдан шашау шығарып жүр.
Біріншілік басталғалы бюджеті 1 миллиардтан әрең асатын аутсайдерлер «Шахтер» мен «Тұранды» жеңді демесеңіз, ортаңқол командалар «Атырау», «Қызылжарға» шамасы келмей тең түсіп қалды. Ал Шымкенттің орталық стадионында Алматының «Қайратына» қарсы өткен ойын жергілікті жанкүйерлердің қорқынышты түсіне айналды. Сол бір ауыр жеңілісті әлі ұмыта алмай жүр.
Биыл ел чемпионы ретінде Еуропа чемпиондар лигасында ойнайтын болған соң, командаға 5 миллиардтан аса қаржы бөлінген болтын. Футболда ақша ойнамайды десек те, қомақты қаржыны көтере алмай қады ма, бүгінде ордабасылықтар футбол емес, интрига ойнауға машыға бастағандай. Соңғы кездері БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан ақпараттар солай ойлауға негіз болып тұр.
Өз алаңында «Қызылжармен» тең ойнаған командамыздың ойынына көңілі толмайтын жанкүйерлер, 23-сәуір күні клуб басшылығымен және ойыншылар, бапкерлермен де кездесті. Рас, жиында ашуға булыққан жанкүйерлер бас бапкер мен ойыншыларға дөрекі сөйлеп, агрессивті түрде сұрақтарын қойған. Команда чемпион атына лайық ойын көрсете алмай жатқанын ашық айтқан. Бұл кездесуге қала әкімінің әкесі Әбдімажит Сыздықов та қатысқан. Ол кісі де спорт жаншыры, «Ордабасының» қаншама жылдан бергі жанкүйері ретінде бас бапкер Александр Седнев пен ойыншыларға сауалын жолдап, ойындарына көңілі толмайтынын айтыпты. Соңынан тараптар бірін-бірі түсінісіп, жанкүйерлер ордабасылықтарды қолдайтынын жеткізген. Тіпті, командадан кетуге бел буған бас бапкер Александр Седневтың арқасынан қағып, клубта қалуын өтінген де.
Алайда арадан тәулік өткен соң журналист, футбол инсайдері Владимир Жарков, өзінің телеграмм каналында «Шымкентке тоқсаныншы жылдар қайта оралды» деп жазды. Оның сөзінше, 23 сәуірде “Ордабасының” жаттығуына бірнеше көлікпен ер адамдар келіп, футболшылар мен бапкерді қорқытқан. Өзін Шымкент қаласы әкімінің әкесімін деп таныстырған ер адам бас бапкер Александр Седневке, команда капитаны Асхат Тағыбергенге дөрекі сөйлеп, африкалық легионерлердің нәсілін кемсіткен»,- деп жазды ол.
Бірақ, Владимир Жарков ақпаратты растайтын фото не видео дәлел ұсынбаған. Саяси лауазым иесіне мұндай кінә тағу үшін журналист сөзіңің дәлелді болғаны дұрыс. Ал, 23-сәуір күні жиынға қатысқандар бұл ақпараттың жалған екенін айтады.
Жалпы Әбдімажит Сыздықбеков, ұлының Шымкентке әкім болып тағайындалғанына дейін-ақ, қазақ елінің нағыз патриоты, спорт жанашыры, кәсіпкер, меценат ретінде қоғамға таныла білген азамат. Оның кәсіби бокста әлемнің абсалютті чемпионы Генади Головкинге арнайы қазақы шапан тіктіріп, мұхит асып барып арқасына жапқаны дүйім жұрттың әлі есінде.
Яғни, бүгінгі жұрт Әбдімажит ағаны, ұлы Ғабит Сыздықбеков арқылы таниды дейтіндер қатты қателесді. Керісінше «Ғабит қалаға әкім болып тағайындалды» деген ақпарат тарағанда, елдер «Әбдімажиттің ұлы»,- деп танып жатты. Сондықтан Әбдімажит Сыздықбековтей зиялы кісінің «Ордабасының» бас бапкері мен ойыншыларына «мен әкімнің әкесімін» деп қоқан-лоққы көрсетті деу, ақылға сыймайтын, дәйексіз ақпар.
Жоғарыда жазғанымыздай, жанкүйерлер ашуға беріліп, ойыншыларға дөрекі сөйлегені хақ. Бізді мазалайтын сұрақ, сол сөздерді әкімнің әкесінің аузына салып, дәйексіз ақпарат тарату кімге және не үшін қажет болды? Осыған жауап іздеп көрсек.
Жыл басында «өткен жылы қордаланған қарыздардың салдарынан, «Ордабасы» футбол клубының президенті ауысады»,-деген ақпарат тараған болатын. Тіпті, бұл қызметте Бауыржан Абдубайтовты ауыстыратын азаматтың аты да аталған еді. Алайда, ҚПЛ басталар тұста Ғабит Сыздықбеков жанкүйерлермен болған кездесуде, команданың қордаланып қалған қомақты қарызын жапқанын айтты. Сондай-ақ, ордабасылықтардың Еуропа чемпиондар лигасында ойнауы үшін жергілікті бюджет пен демеушілер тарапынан 5 миллиардтан астам қаржы берілетінін, қомақты қаражаттың дұрыс мақсатқа жұмсалуына клуб президенті ретінде Бауыржан Абдубайтовтың жауап беретінін хабарлаған болатын.
Өкінішке орай, клубтың қазынасы қомақты болғанымен, ойыны өрнекті болмай тұр. «Қызылжармен» кездесуді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, жанкүйерлердің ортасында отырып тамашалады. Стадионға келгендердің орданың ойынына көңілі толмай, Ғабит Әбдімажитұлына шағымданғанын біз айтпай-ақ ұғып отырған боларсыздар. 1-таймнан кейінгі үзілісте әкім мен клуб презиентінің әңгімесі оңашада өрбіді. Әкім команданың ойынына қарап, қаржының мақсатты жұмасалып жатқанына күмән келтірген де болуы мүмкін. Сұхбат барысында Абдубайтовтың басынан сипамағанын ойынның 2-бөлігін көруге қайта келіп отырғанда-ақ, Бауыржан Тойшыбекұлының түрінен ұқтық.
Бұдан кейінгі жанкүйерлермен кездесуде қала әкімінің салаға жауапты орынбасары Сәрсенбек Құранбек те, көпшілік алдында Бауыржан Абдубайтовқа бірнеше ескерту жасады. Нақтырақ айтсақ, «Ордабасы» футбол клубының президенті, директорлар кеңесінің төрағасы Сәрсенбек Абайұлының рұқсатынсыз команда сапына бірнеше ойыншы алған. Әсіресе былтыр «Астана» сапында ойнап, ешбір нәтижелі ойынымен көзге түспеген Дембо Дарбоның шымкенттік команда сапына келіп қосылуы, жанкүйерлер тарапынан түсініспеушілік туызды. Мұнан өзге, клуб басшылығы директорлар кеңесінің рұқсатынсыз қаржылық операциялар жасаған болып шықты. Қала әкімінің орынбасары ондай олқылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатыны шегелеп айтты. Айтпақшы, жиынның соңында команданың бас бапкері Александр Седнев, көзіне жас алып тұрып қала әкіміне деген өкпе-реніші бар екенін жасырмады.
Осы факторлардан кейін Владимир Жарков әріптестің телеграммға дәйексіз ақпарат жазу арқылы қала әкімі мен оның әкесіне күйе жағуға әрекеттенгендей әсер қалдырады. Ол осылайша «Ордабасы» командасының басшысын не бапкерін қала басшылығынан «қорғауға» тырысқан секілді. Әріптес ақпарттық шабуылмен Ғабит Сыздықбековке қысым жасап, салаға жауаптылардың мысын басқысы келгенге ұқсайды. Әлгі жел сөзді клубтың төңірегіндегілер Жарковтың құлағына осы мақсатта жеткізген болуы да мүмкін.
Миллионды қаланың балғындары көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. «Шымкент-Цирк» ұжымының өнерпаздары мен қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасын қолдау мақсатында қайырымдылық қойылымын ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасының бүлдіршіндері, сондай-ақ, көп […]
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясының кезекті шарасы Еңбекші ауданы Жібек жолы бойындағы аулалардың бірінде ұйымдастырылды. Оған “Amanat” партиясы Шымкент қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері, Жастар рухының, қоғамдық бірлестіктер мен әкімшілік өкілдері және еріктілер атсалысты. Жалпы тазалық акциясына […]
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-тур ойындары өтті. Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасы жасыл алаңы жөндеуден өткен «Түркістан арена» стадионында Қарағандының «Шахтер» футболшыларын қабылдады. Бір жарым жылдан астам уақыттан бері Түркістан жұртшылығы футболды сағынып қалған екен. […]
Пікір қалдыру