ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕРДІ ЖАЗАЛАУДЫҢ ТҮРКІСТАНДЫҚ ТӘСІЛІ

ЖЕРГІЛІКТІ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Әгәрәки, сіз Түркістан жаққа атқарушы биліктің жұмысын сынап немесе заңсыз іс-әрекеттерін әшкере етіп бара қалғанда, үш бөлмелі пәтер мен «Таиота камри» автокөлігін ұсынса, «бинго ұстадым» деп мәз болып келісе қоймаңыз. Тегін ірімшік тек қақпанда болады демекші, естуімізше ол қомақты сыйлықтың астында «Бопсалау» бабы тұр. «Камридің» кілтін алған жерде құзырлы органдар тарапынан қолыңызға кісен салынуы бек үмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов, журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Түркістан жақтан үш бөлмелі пәтер мен «камри» 70 автокөлігін ұсынғаны жөнінде айтқанын жазған болатынбыз. Өтірік-шынын қайдам, естуімізше мұндай сый журналист Асхат Ниязовқа да ұсынылыпты. Бірақ, олар ұсыныстан бас тартқанымен, жергілікті бір белсенді бұл тұзаққа түсіп қалыпты деген алып-қашпа әңгіме тарады.

ПыСы: Ол сыйлықты ұсынатын Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков емес.)

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*