Заманауи үлгіде жабдықталған «ЭКО ФАРМ» ЖШС “Тассай” индустриалды аймағында орналасқан. Кәсіпорында медициналық бұйымдар мен жеке қорғаныс құралдары — қорғаныш киімдері, обаға қарсы жиынтықтар мен маскалар шығарылады. Жоба құны — 3,4 млрд теңгені құрайды. Мұнда жылына 17 түрлі 600 мың дана қорғаныс киімі өндіріледі. 2017 жылы өз жұмысын бастаған өндіріс орны былтыр бір рет қолдануға арналған қорғаныс жиынтығы бойынша айына 100 мыңнан астам дайын өнім шығарған. Зауыттың 10 қоймасы және Қазақстанның бірнеше қаласында филиалы бар.
Жылына медициналық киім мен іш киімнің – 500 мың данасы, медициналық маскалар мен респираторлардың – 100 млн.данасы, медициналық қорғаныс көзілдірігінің — 1 млн. данасы нарыққа шығарылады. Шымкентте өндірілген тауарларға Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды қалаларынан сұраныс зор. Қазір көрші елдермен де тапсырыс бойынша тиісті келісім шарттар жасалуда. Цехтың жалпы ауданы 1,25 га аумақты алып жатыр. Бүгінде өндіріс орнында 250 ден астам адам жұмыспен қамтылған. Қысқа уақыт ішінде медициналық өнімдер оң бағалануда және сұранысқа ие. Зауыт өткен жылы айналым қаражатын толтыру үшін «Даму» Қорынан жеңілдетілген несие алған. «АТФБанк» АҚ жобаны қарастыра отырып, 14,5 %-бен қаржыландырды. Оның 8,5 %-ын «Даму» Қоры субсидиялауда.
Зауыт еңбек нарығын төмендететін және аллергия туғызбайтын заманауи, жоғары сапалы медициналық өнімдер шығару желісін кеңейтуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын баяндады. Қала әкімі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және […]
2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап Күнгей кз. хабарлайды. Оның ішінде Шымкент қаласының көрсеткіші – 70. Жалпы белгілері […]
Қалада 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттың екінші легі бойынша комиссия отырысы өз мәресіне жетті. Комиссия өкілдері әлеуметтік осал топқа жататын 217 адамның бизнес-жобасын мақұлдады. Екінші лек бойынша BUSINESS.ENBEK порталына 1294 адамнан өтінім келіп түсті. Олар […]
Пікір қалдыру