Қалада 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттың екінші легі бойынша комиссия отырысы өз мәресіне жетті. Комиссия өкілдері әлеуметтік осал топқа жататын 217 адамның бизнес-жобасын мақұлдады.
Екінші лек бойынша BUSINESS.ENBEK порталына 1294 адамнан өтінім келіп түсті. Олар – аталаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, көпбалалы отбасы (ең үлкен перзент 23 жастан аспаған), асыраушысынан айырылған жөнінде әлеуметтік төлем алушы отыбасылар, қолданыстағы қандастар, қоныс аударушылар (солтүстік өңірлерге) еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар азаматтар және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар.
Комиссия құрамында қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары, қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері, журналистер, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және кәсіпкерлер болды.
Комиссия мақұлдаған бизнес-жобалардың 19-ы мал және құс шаруашылығын, 49-ы қызмет көрсету саласын, 22 жоба кондитер және нан өнімдерінің өндірісін, 44-і тігін, 16 жоба жартылай фабрикаттар, 5-і жиһаз өндірісін, 27 жоба өндіріс саласы мен 35-і қоғамдық тамақтану орындарын іске қосу жобаларын құрады.
Ал, санаттар бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасы – 5, 130-ы көпбалалы отбасы, 14-і асыраушысынан айырылып, бүгінде әлеуметтік төлем алып отырған отбасы, 31-і еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар азамттар болса, 37-сі мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар.
Бүгінде грант жеңімпаздары Еңбек мобильділігі орталығымен келісім-шарт жасауда. 400 айлық есептік көрсеткіш 1 476 800 теңгені құрайды. Қайтарымсыз грант қаржысы несиені өтеуге, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға және акцизделетін өнімдерді өндіруге қолданылмайды.
Биыл қалада 3 өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі — Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды. Айта кетейік, жыл сайын өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы заманауи […]
Шымкент қаласы Қаратау ауаданы Тұран шағын ауданындағы Омбы көшесінің тұрғындары көше бойын тазалап, ағаш отырғызу жұмытарын қолға алған. Бұл жайлы Омбы көшесінің тұрғындары қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу барысында айтты. «Шынымды айтсам әкімдерге шағым емес, […]
1 қазан – Қарттар күні қарсаңында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран ауданы Полиция басқармасының жеке құрамы зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді мерекемен арнайы құттықтады. Тәртіп сақшылары ұзақ жылдар бойы елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, абыроймен қызмет […]
Пікір қалдыру