Биыл қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 млн дана қызғалдақ гүлі егілді. Отырғызылған гүлдердің жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Affaire, Albatros, Avant Garde голландиялық қызғалдақ түрлері айналма жолдарға, Бәйдібек Би, Назарбаев, Қабанбай батыр даңғылдарына, №1 Автожол, Гагарин көшесі мен магистралды көшелердің жол жиектеріне, бұрылыстар мен жол айрықтарына отырғызылды.
Көгалдандыру шаралары Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы мен мемлекеттік — жекешелік әріптестік аясында жасалды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады. Биыл сәуірдің басында қалада «жасыл белдеу»аумағы белсенді түрде ұлғайтылып жатыр. Мегаполистің көптеген аудандарында қазірдің өзінде миллиондаған қызғалдақтар гүлдеп жатыр. Қазір мегаполистің бес ауданында бес жеке фирма көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы мақсатта әр ауданда аудан көлеміне және жұмыс көлеміне байланысты күнделікті санитарлық жұмыстарға 200-ден 300-ге дейін адам және бірнеше ондаған техника жұмылдырылды.
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға […]
Шымкент жастары 100 мұқтаж отбасыға азық-түлік себетін таратты. Қаладағы төрт аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан тізім жасалып, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» игі шараға ұйытқы болды. Аталған орталық бұл «Жанға жылу» акциясы аясын жүйелі […]
Архитектор Бақытжан Әшірбаев, Шымкенттегі жаңа архитектуралық жобаларды сынға алды, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Жуырда ғана ғаламторда дауыс беру арқылы «Халық сүйіктісі» атағын жеңіп алған Бақытжан Әшірбаев шаһардағы жаңадан салынып жатқан […]
Пікір қалдыру