ЖАҢА ӘУЕЖАЙ ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта жолаушылар терминалы құрылысының 1-кезеңі аяқталды.

Бүгінде жобаның екінші кезеңінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, әуежай аумағында абаттандыру және инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілуде.

Қасбеттік жүйелерді монтаждау 15 маусымға дейін аяқталады деп күтілуде. Қазір жолаушылар терминалының аяқталған құрылыс жұмыстарының жалпы үлесі 60 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, әуежай аумағын абаттандыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы қала әкімдігі әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыруға 912 млн теңге бөлген болатын. Бұл жұмыс қазір аяқталды. Бүгінде жобалық құны 1,7 млрд теңге болатын жаңа кіреберістің құрылысы жалғасуда, оның аяқталуы бірінші жартыжылдықтың соңына жоспарланған.

 Атап айтқанда, терминал шатырын монтаждау жұмыстарымен бірге сыртқы қасбетін жабдықтау құрылыстары толық жүргізілді.
Сонымен қатар, жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары да кестеге сәйкес іске асты. Терминалдың жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайды.
 Әуежай жұмыстарының 2-кезеңі жоба бойынша 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
 Өз кезеңінде қала әкімі терминал құрылысының жұмысын сапалы әрі өз мерзімінде аяқтауды тапсырды. Бұдан басқа, инженерлік желілер құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Оның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*