Құрылыс барысында қалалық маңызы бар көшелерді дамыту да қолға алынған. Қазіргі таңда магистральді жолдардың 94 шақырымында құрылыс жүруде. Оның ішінде Қонаев даңғылының жалғасы мен айналма жолды қайта құру іске асырылмақ.
Басқарма мамандары мұндай ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағытты қамтып отырғанын айтады. Мысалы, Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын жолдар желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары, заманауи талаптарға сәйкес.
Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында Д.Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан басына барып, күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Д.Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты. Кезең-кезеңімен жүзеге арылылып жатқан қарқынды құрылыс,
Айта кетейін Д.Қонаев көшесінің жалғасы 2019 жылы басталған болатын. Жалпы ұзындығы 18,1 шақырымды алып жатқан көше 7 учаскіден тұрады.
Қазір мұнда жер жабындысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ құрылыс нысанында тірек қабырғаларын орнату жұмыстары және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары атқарылған. Қазіргі уақытта
құрылыс 35%-пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін
Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы
құрылыс нысанына түсетін 5 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына алу мәселесін тезірек шешуге тапсырма берді.
Шымкент қаласында ерекше мазмұнға ие әрі жүректі тербеткен маңызды іс-шара – сарбаздардың ата-аналарымен әсерлі кездесуі өтті. Бұл – отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаздардың өміріндегі ұмытылмас сәттердің бірі. Жанұялық құндылықтарды ұлықтайтын, патриотизм мен рухани […]
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №86 жалпы орта білім беретін мектептің ұжымы «Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы» ұйымдастырылған. 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Еңбегі адал […]
Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған үшемді аман алып қалды. Өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелердің үшеуі бірдей дүниеге келе сала жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. […]
Пікір қалдыру